5.07.2016, 11:20
Оқылды: 27

Достыққа жол ашқан мегажоба

zelenov megazhoba       «Бейбітшілік  пен келісімнің  жол картасы» мегажоба эстафетасын табыстау  мақсатында Зеленый, Железнов, Егіндібұлақ, Шалғай селолық округтерінің ауыл әкімдері бастаған делегация Дариян ауылына келді.


Делегацияны  Дариян  ауылының әкімі   Болат  Ерболатов  пен Мәдениет үйінің   директоры  Нұржан Тасболатов     қарсы  алды. Олар келген қонақтарға  сый-сияпат   көрсетіп, қазақтың  ұлттық  тағамы  айран мен бауырсақтан ауыз тигізді. Әрі  қарай  делегация  мүшелері  Мәдениет үйінің қол  өнер  шеберлерінің   туындыларымен  танысты.  Дариян  ауылдық  Мәдениет үйінің үлкен залына жиналған  көрермен   Қазақстан  Ассамблеясы   мен  тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы   аясында     ұйымдастырылған Железнов, Зеленый, Егіндібұлақ, Шалғай ауылдарынан келген  өнерпаздарының концертін тамашалады.

Сахна  шымылдығы егіндібұлақтық өнерпаз Роллан Өтебалиевтің «Түнгі  қала» әнімен  ашылды. Кеш барысы ән мен биге, көңілді бағдарламаға ұласты.

Осылайша  сәні  мен  салтанаты келіскен концерттен  соң   Дариян ауылының  әкімі  Болат  Ерболатов төрт округтен  келіп  өнер  көрсеткен  өнерпаздарға  ризашылығын  білдіріп, мега  жоба   эстафетасын  әріптестеріне табыстап, алғыс хаттармен  марапаттады.

www.zhaikpress.kz
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале