10.11.2016, 15:18
Оқылды: 32

Ғаріп жандар назардан тыс қалмайды

 

????????????????????????????????????

        Тасқала аудандық ауруханада аталмыш мекеме басшысы Г.Кенжешева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова және бір топ ғаріп жандардың қатысуымен жиын өтті.

         Басқосу барысында сөз алған Р.Мүсәлімова қазіргі таңда аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдан келгенше көметің көрсетіліп жатқандығын айтып өтті. Айтуынша биылғы жылы Бурабай шипажайына 39 адам жіберілген. Және жүріп-тұруы қиын 6 зағип жанға мүгедек арбасы берілген. Сондай-ақ І топтағы 45 адам гигиналық құралдармен және жеке көмекшімен қамтамасыз етілгенін жеткізді.


         «Бұл жерге мүмкіндігі шектеулі жандарды шақырған себебіміз олардың жағдайларын біліп, қандай да бір мұқтаждықтары немесе сұрақтары болса соған жауап беріп, оларды тыңдайық деген мақсатта үстел басына жинап отырық. Көбіне біз оларды қайырымдылық айлығы аясында ғана ескереміз де қалған уақытта назардан тыс қалып қойып жатады. Сондықтан осы жандармен емен-жарқын әңгімелесуді ойладық», -дейді Г.Кенжешева.

         Есенжол САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале