8.12.2016, 18:03
Оқылды: 26

Қазталовта қоғамдық монша пайдалануға берілді

Бүгін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай  «25 игі іс» шарасы аясында Қазталов ауылында «Айдана» қоғамдық моншасының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов және  жеке  кәсіпкер Сағындық Жұматов,- Тәуелсіздік  мерекесі қарсаңында ауылымызда тағы бір жаңа нысан іске қосылуда. Заманауи тұрғыда салынған бұл қоғамдық монша алдағы уақытта халықтың игілігіне қызмет етсін, -деп барша ауыл тұрғындарына лебіздерін білдірді.

Моншаның іске қосылуына  «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге қаражат жұмсаған.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале