3.05.2019, 12:48
Оқылды: 34

100 күн ішінде смартфон ұтып алыңыз!

Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды.

100 смартфон

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізетін акция 1 мамырдан 8 тамызға дейін жалғасады.

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

 «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді. App Store-дағы қосымша акция басталғанға дейін іске қосылады.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.

Сырым ауданы бойынша

 мемлекеттік кірістер басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале