20.08.2021, 10:24
Оқылды: 43

11 көшенің жолы жаңартылмақ

Қазіргі уақытта Казталов ауданы орталығында 2021-2022 жылдары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауылішілік жолдар жөнделіп жатыр. Бұдан бөлек. Жоба аясында 11 көшенің жолдары жөнделіп, жаяу жүргінші жолдары да салынуда.

IMG_9754

–«Казталов ауылішілік көшелері автомобиль жолдарын қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша «ШамШың» ЖШС мердігер болып анықталып, қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы жоба бойынша С.Даниялов, Ш.Мерғалиев, М.Өтемісов, М.Мәметова, Құрманғазы көшелеріне асфальт жол төселмек. Дегенмен М.Өтемісов көшесінің 233 м, Құрманғазы көшесінің 542 м, С.Даниялов көшесіндегі жолдың 11 метріне былтырғы жылы жол жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 786 метр жолға асфальт төселгендіктен, халықтың ұсынысымен қосымша С.Датұлы (60 м), М.Төлебаев(126 м), Ж.Жабаев (222 м), Б.Майлин (160 м), С.Бабажанов (109 м), Қ. Сәтбаев (79 м), О.Жұмасейітов (30 м) көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Казталов ауылішілік көшелеріне жаяу жүргіншілер жолдарын салу» жұмыс жобасы бойынша «Жайық Сити» ЖШС мердігер болып анықталып, И.Тайманов, Т.Масин, С.Бабажанов, Б.Майлин, Ж.Жабаев көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салды, – деді аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов.

IMG_9747

IMG_9758

IMG_8701

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале