2.10.2020, 12:53
Оқылды: 78

 Мал азығын дайындау жүз пайызға орындалды

Шыңғырлау ауданында шөп шабу науқаны үлкен қарқынмен жүрді. Еңбегіне қарай өнбегі дегендей, бүгінде жеке тұрғындар да мал шаруашылығымен айналысушы шаруа қожалықтары да тынымсыз тірліктің арқасында қажетті мал азығын жиып алып, көңілдері бірленді.

жасыл орақ фото Баймағамбетова (1)

Жазы бойы қарбалас жұмысты атқарған шаруа жандар 204176 гектар жер телімінің жасыл майсасын шауып, 80259 тонна мал азығын әзірледі. «Белгіленген жоспар 80100 тонна болғанымен ауа райының қолайлығы шөпті артығымен жинауға септігін тигізгендей», – дейді шаруа жандар. Шөп шығымы, әсіресе Ақбұлақ, Ақшат  және Алмаз ауылдық округтерінде жақсы болғанымен, Ақтау, Ащысай, Шыңғырлау ауылдық округтері де олардан қалыспай, мол өнім жиып алды.

Енді қыстан қысылмай шығуға, мал басын азықпен толық қамтуға негіз бар.

А.Муса

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале