5.04.2021, 10:02
Оқылды: 47

12 тонна қоқыс шығарылды

Көктем келіп, қар астынан неше түрлі қалдық шығып, ауыл айналасының сәнін кетіруде. Әсіресе қар астынан «целлофан бәйшешектер» қылаң берген. Осындай жағдай Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында да орын алды. Ауыл айналасын көріктендіру, тазалау мақсатында округ әкімдігі сенбілік ұйымдастырды.

8C2FEACA-2B5B-477A-9894-3769F52FCA69

Ауыл әкімі Максим Мусалимов ауыл тұрғындары сенбілікке белсенді қатысқанын айтады. Тұрғындар округ аумағымен өтетін Самара-Шымкент тас жолының бойы мен Асан ауылы маңайын тазалапты.

E7DA73FC-B001-4938-B1A5-64D056B8D8D1

-Сенбілік барысында 12 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Оған арнайы КамАЗ автокөлі мен тиеуіш трактор жұмылдырылды. Алдағы уақытта бұл бастама жалғасатын болады, - дейді округ әкімі М.Мусалимов.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале