17.06.2022, 15:45
Оқылды: 99

13 оқушы  - «Алтын белгі» иегері

Ауданның жалпы білім беретін 10 орта мектебінде түлектерге аттестат табысталды. Биыл 100 жылдық тарихы бар Жәнібек ауданында 149 түлек жаңа өмірге қанат қақты. Аудан бойынша салтанатты жиындар мектеп қабырғаларында өтті.

C5DF4AFD-ADA4-49DA-AC2C-4E5133457E26

Т.Жароков, Х.Халиуллин, Ғ.Сарыбаев, Ғ.Қараш, Ғ.Абдуллин, Е.Ниетқалиев, М.Ықсанов, Ө.Сахипов атындағы мектептер, Ұзынкөл орта мектебі мен №1 мектеп-лицейінің директорлары мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, 13 оқушыға «Алтын белгі» және 6 оқушыға «Үздік аттестат» табыстады.

Атап айтсақ, Аружан Серікова, Тұрсын Калиулланова, Шынар Амангелді, Самал Мұхтар (Ғ.Абдуллин орта мектеп), Аймира Жұмабекова, Гүлназ Құмарғалиева (М.Ықсанов атындағы орта мектеп), Дамиля Зейнолла (Е.Ниетқалиев атындағы орта мектеп), Ақнұр Ануарова, Айшагүл Жұматаева, Айнара Маратқызы, Ұлпан Сағынғалиева, Аружан Хауметова (Ө.Сахипов атындағы орта мектеп), Жұлдызай Мұхамбеджанова (Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектеп) «Алтын белгі» белгісі берілсе, Жанерке Өтегенова (Т.Жароков атындағы орта мектеп), Ақұштап Лұқпанова (Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектеп), Кенжехан Мертен, Алина Қыдыраш, Демеухан Ержанұлы, Рустам Болат (№1 мектеп-лицей) «Үздік аттестат» алды.

23463A45-9355-49F6-9704-DCF9C9CEAAB9

Ақылы мен білімді, өнер мен тәрбиені бойларына жинап, зерделеріне тоқыған жаңа заман қадамына өз білімдері мен кірпіштей қалана алатын, бәсекеге қабілетті тағы бір жас толқын өмірге араласпақшы.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале