20.05.2022, 11:45
Оқылды: 135

160 түп жеміс көшеттері отырғызылды

Сырым ауданы Елтай ауылдық округінің әкімі Рашид Байров тұрғындар алдында жасаған хабарламасында жиналыста көтерілген негізгі мәселелерге, алдағы міндеттерге тоқталды. Мәселен, шаруа қожалықтарында механизатор, малшы мамандықтарына сұраныс тапшы. Ал ауылдық округ бойынша "Менің аулам - менің бағым" жобасы аясында 160 түп жеміс көшеттері отырғызылған.

14

Ауылдың "Жаңа құрылыс" ауданына электр үнемдегіш жарық шамдарын орнатуды аяқтау және ауылға кіре беріс 1 шақырым жолды жарықтандыруға, қала берді саябақты абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау сынды жұмыстар алдағы уақытта жоспарға сай жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ биылғы жылы қоқыс төгетін арнайы орынды қоршауды аяқтау басты назарда.

- Округтегі ең бір жауыр болған мәселе жылқы бағымы. Енді ауыл ішінде топтала жүретін, бағымсыз жылқы иелеріне ешқандай кешірім, аяушылық болмайды. Қатаң түрде, заңға сәйкес шара қолданатын боламыз,- деді Рашид Байров.

15

Кездесуде аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, жас маман Жұлдыз Әлпенова алдағы саяси мәні зор науқан референдумның маңыздылығы, Ата заңдағы өзгерістері туралы айтты.

Сондай-ақ округте орта мектептің жылыту жүйесін жөндеуден өткізу, электр бағандарының, желілерінің ескілігі, қыс мезгіліндегі ауылішілік жолдардың тазартылмауы, мал бақташысының жоқтығы сияқты мәселелерді жиынға қатысқан тұрғындар орынды көтерді.

13

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Асланбек Ахметоллаұлы қорытындылады.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале