17.11.2023, 15:30
Оқылды: 58

19 шақырым электр сымы ауыстырылды         

Казталов ауданындағы тозығы жеткен электр желілерін жаңарту қажеттігін есеп беру кездесулерінде аудан тұрғындары да жиі көтеріп жүр. Жалпы алғанда ауданы бойынша кеңес заманында қондырылған жарық желілері мен бағаналардың 80 пайызға жуығы ескірген.

казталов (3)

Күн тәртібінен түспейтін жарық мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып, қаражат бөлініп отыр. Аудандық электр торабының Казталов және Жалпақтал аумақтарында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

казталов (1)

Олардан алынған мәліметтерге сүйенсек, күні бүгінде аудан бойынша биыл Тереңкөл, Бірік, Әбіш, Жас елді мекендерінде 277 бағана, 19 шақырым электр сымы ауыстырылған.

казталов (2)

Әсіресе, Әжібай ауылында электр желілері бағаналарын орнату жұмысы аяқталып, өзін-өзі қамтамасыз ететін оқшауланған сым желілерімен тартылған. Одан бөлек ағымдағы жөндеу жүргізілген, ауыстырылған бағаналар да бар.

Мамандар барлық жөндеу жоспарға сай жүргіліп жатқанын алға тартады.

Тек аудандық электр торабында электрик мамандар тапшы екен. Ал алдағы 2024 жылы Болашақ, Қайынды, Ақпәтер, Қособа елді мекендерінде жаңарту жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыс қаражат бөлінуіне байланысты кезең-кезіңмен іске асырылады.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале