6.09.2021, 14:43
Оқылды: 39

20 оқушыға –  234 мың теңге

Сырым ауданындағы жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте «Мектепке жол» акциясы жоспарлы жүруде. Акцияға аудан орталығындағы мекемелер, шаруа қожалығы жетекшілері, жеке кәсіпкерлер белсене қатысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы жанұя балаларына көмек беру үшін «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты қайырымдылық акцияға үн қосуда.

 111

«Мектепке жол» акциясына аудандық мәслихат, аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, "Балдырған" балабақшасы, ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі ұжымдары, жеке демеушілер М.Муханов, А.Қонақбаева, А.Сержан өзіндік үлестерін қосып, барлығы 20 оқушыға 234 мың 726 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

222

Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш қос балаға оқу құралдарын табыстаса, 3 "Д"сынып оқушысы Равиль Жарылғасов оқушылар атынан алғысын өлеңмен жеткізді.

 

Гүлназ Нұржанова,
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта 
мектебінің әлеуметтік педагогы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале