27.03.2024, 15:30
Оқылды: 39

200 қапшық құм дайын

Күннің күрт жылынуына байланысты облыс, аудан аумағы еріген қар суына толды. Көше, аула, тіпті үйдің ішіне су кірді деген хабарлар Ақсай қаласы әкімдігінің telegram каналына толассыз келіп жатыр.

dd95eaf5-0c3f-45c2-bf3c-e1e35f1027e8

Еріген қардың суынан бөлек, кешегі тоқтамастан жауған жаңбыр да қала, ауыл халқын әбігерге салды. Жаңбыр аулаларға жиналған судың деңгейін одан әрі көтерді.

5e8c8cff-40d1-4274-b2f0-f65e9d1865ea

Кешелі бері аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен Ақсай техникалық колледжінің студенттері құрылыс қапшықтарын құмға толтырып, дайындау үстінде. Қазіргі уақытта 200-ден астам құмға толы қапшық дайын тұр. Жұмыс әлі жалғасып жатыр.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале