9.02.2024, 14:45
Оқылды: 40

2000 дана қапшық дайындалды

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Ерген Тасқалиев Казталов, Жалпақтал ауылдық округ орталықтары мен елді мекендерінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті тексеріс жүргізді.

image-09-02-24-11-03

Тексеріс барысында су басу қаупі бар аймақтар, өзен бойлары мен тоғандар қаралып, жалпы 2000 дана қапшық дайындалды.

image-09-02-24-11-03-1

Аудан аумағындағы Сарыөзен мен Қараөзен бойындағы су басу қаупі бар аймақтарда орналасқан жеке қожалықтарға және ауыл тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір қардың қалың түсуіне байланысты ауылдың ішкі көшелерінде қар шығарылып жатыр.

 

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале