26.09.2022, 12:46
Оқылды: 63

2004 жылғы кубок иегерін еске алды

«Өз елі, өз ерлерін ескермесе, ел шіркін қайдан алсын кемеңгерді» демекші, өзінің қажыр-қайратымен абыройлы еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленген аптал азамат Базарбай Бисенұлы өмірде болса 75 жасқа толар еді. Ол 1947 жылы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жәнібек ауданы көлік базасының механигі қызметінен бастап, түрлі салада қызмет атқарып, ауданның өркендеуіне үлесін қосқан жақсы маман, кішіпейіл жан, мықты спортшы.

10

Осы орайда аудан орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде, волейболдан БҚО құрамасының мүшесі, спорт ардагері белгілі жерлесіміз Сиғалиев Базарбай Бисенұлын еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында ашық облыстық турнир өтті. Халықаралық деңгейде дәстүрлі түрде өткен турнирде Ресей Федерациясының Саратов, Волжск, Красный Кут облыстары және Қалмық Республикасы мен облысымыздың Бөкей ордасы, Бөрлі, Казталов, Шыңғырлау, Жәнібек аудандары бақтарын сынады.

11

Ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев спортшы қонақтарға "қош келдің" айтып, сәттілік тіледі.

17

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев спорт ардагері Б.Сиғалиев туралы естеліктерімен бөліссе, Базарбай Сиғалиевтің қызы Альфия Базарбайқызы жарыстың өтуіне қолдау білдіріп жатқан жандарға, аудан әкімдігіне, спортшыларға алғысын білдірді.

13

Ауданның жас өнерпаздары ән айтып, би биледі.

18

Жарыстың нәтижесінде ІІІ орынға Жәнібек, ІІ орынға Шыңғырлау ауданының командалары ие болса, жүлделі І орынды Ресей Федерациясының Волжск облысынан келген спортшылар иемденді.

16

Жарысты ұйымдастырушылар жабылу салтанатына орай көрермендер арасында лоторея өткізді. Сонымен қатар ұзынкөлдік жерлесіміз Аслан Құсайынов қонақтарға арнап күштік жаттығулар көрсетіп, көпшілікті таң қалдырды.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале