9.06.2022, 16:30
Оқылды: 90

226 оқушыға салтанатты түрде куәлік табысталды

Бүгін Жәнібек ауданындағы 10 орта және 2 негізгі мектебінің 9-сынып оқушылары қорытынды емтихандарын ойдағыдай аяқтап, 2021-2022 оқу жылы бойынша 226 оқушыға салтанатты түрде аттестат табысталды.

1654771248715

9 жыл бойы алған білімнің белгісі аттестат алу кезеңінде мектеп директорлары құттықтау сөз сөйлеп, куәліктерін табыстады. Т.Жароков атындағы орта мектебінде – 74, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектебінде – 14, Х.Халиуллин атындағы орта мектебінде – 11, Ғ.Қараш атындағы орта мектебінде – 9, Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебінде – 10, Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектебінде – 12, №1 мектеп-лицейінде – 33, М.Ықсанов атындағы орта мектебінде – 15, Ө.Сахипов атындағы орта мектебінде – 11, Ұзынкөл орта мектебінде – 9, А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінде – 24 және Тегісшіл негізгі мектебінде – 4 оқушы негізгі мектепті аяқтады. Айта кету керек, 226 оқушының 15-і «Үздік аттестатқа» ие болды.

3

4

1654771248626

1654771248447

Аттестат табыс ету рәсімі үлкен қуаныш пен қобалжуға толы өтті. Бұл күн – мектептер тарихында, 9-сыныпты бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале