2.02.2022, 23:19
Оқылды: 95

22920 дана кітап қоры бар

Бүгінгі таңда ауылдық кітапхана – тек мәдени орталық қана емес, сонымен қатар маңызды қоғамдық-ақпараттық, әрі білім беру функцияларын орындайтын қоғамдық орын. Қазіргі уақытта Покатиловка ауылдық кітапханасында 22920 дана кітап қоры бар. Оқырман саны – 575. Жыл сайын кітап қорына әр түрлі сала бойынша 168 дана, мемлекеттік тілде 147 дана жаңа кітап түсіп тұрады. Мұнда келушілердің дені – балалар, жастар, зейнеткерлер, ауыл зиялылары, мемлекет қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, ауылшаруашылық өндірісінің қызметкерлері. Түрлі санаттағы адамдар болғандықтан, қызығушылықтары да әртүрлі, бірақ бәрінің мақсаттары бір – ақпарат пен білім алу.

WhatsApp Image 2022-02-03 at 00.11.46

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды» деп айтқан болатын.

WhatsApp Image 2022-02-03 at 00.11.46 (1)

Осы орайда кітапханада түрлі шаралар тек бір сарында ғана емес, үнемі тың бағытта ұйымдастырылуда. Мәселен, библиографиялық шолулар, әр түрлі кештер, кездесулер, әдеби квест, библиобульвар, кітап талдаулары, диспуттармен қатар мақсатты бағдарламаларды да жүзеге асуда. Туған жерді, елді, ауыл мақтанышы – танымал тұлғаларды кеңінен насихаттауды жүйелі жүргіземіз. Көпшілік мәдени шаралар білім беру ұйымы, ауылдық мәдениет үйі, жастар т.б. мемлекеттік мекемелермен бірлесіп өтетінін айта кеткен жөн.

WhatsApp Image 2022-02-03 at 00.11.46 (2)

«Менің еңбек жолым», «Парасат жолы адалдықтан басталады» және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Тобық Жармағанбетовтың «Отамалы», Құрметұлы Амангелді (Орхан Памук) «Менің атым – Қырмызы» кітаптарын кеңінен насихатау мақсатында іс-шаралар оқырман көңілінен шықты.

WhatsApp Image 2022-02-03 at 00.12.31

Бір сөзбен айтқанда, ауылдық кітапхана зияткерлік қарым-қатынас орны және жергілікті халықтың мәдени деңгейінің өсуіне ықпал ететін шынайы мәдениет ошағы.

Мәншүк Сәрсекеева,

Кітапханашы,

Покатиловка ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале