13.03.2023, 20:24
Оқылды: 70

23 үйді су басты

Қазіргі жағдай бойынша Бөрлі ауданындағы су тасқыны жағдайы және су тасқынына қарсы іс-шаралар бірқалыпты өткізілуде.

WhatsApp Image 2023-03-13 at 17.09.53

Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен 8710 текше метр қар шығарылып, тәулікке 7150 текше метр еріген қар суы сорғызылды. Арнайы құрылған жедел штабтың мәліметінше, бұл жұмыстарға 159 дана техника, 28 мотопомпа, 182 адам жұмылдырылған.
Ауылдық округтер бойынша 48 дана техника, 17 мотопомпа, 158 адам үздіксіз жұмыс жасауда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бүгін сағат 15:00 дейін аудандық штабқа 200-ден астам өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің 90%-ы - еріген қар суының аулаларын басуы. Осыған сәйкес барлық мердігерлер мен компаниялардың ассенизаторлары жұмылдырылды.

WhatsApp Image 2023-03-13 at 18.15.33
Жедел топ мүшелері күні бойы Ақсай қаласының еріген су тасқыны қаупі бар аумақтарын айналып өтуде.

WhatsApp Image 2023-03-13 at 18.15.33 (1)
Ақбұлақ ауылындағы су бөгетінің бұзылуына байланысты, Ақсай қаласының Қызылтал мен Аралтал ауылдарын су басу қаупі күшеюде. Қазіргі уақытта аудан бойынша 23 үйді су басты, су басқан тұрғындар қауіпсіз орындарға орналастырылуда. Су басқан үйлердегі адам саны 62 адам.WhatsApp Image 2023-03-13 at 18.15.34

Қызылтал ауылының үйлеріне су кірген тұрғындары №3 және №7 мекептерде орналасқан эвакуциялық пункттерге көшірілуде.

WhatsApp Image 2023-03-13 at 18.15.35

WhatsApp Image 2023-03-13 at 18.15.35 (2)
Қазіргі уақытта елді-мекендер арасындағы 6 жерде су тасу орын алды. «Ақсай-Кеңтүбек» бағыты бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолының 20-шақырымында, Кеңтүбек және Қарағанды ауылдарымен жалғасқан жерінде, облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 68-шақырымында, аудандық маңызы бар Ақбұлақ-Ақсай жолының екі учаскесінде: 4 және 10-шақырымдарында, аудандық маңызы бар Амангелді-Успеновка жолының екі учаскескенің 3 және 9-шақырымында.
Барлық су тасуы орын алған жерлерде көлік қозғалысы бұзылған жоқ. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Кезекші посттар қойылған.

Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале