23.08.2021, 14:59
Оқылды: 57

2,5 тонна қоқыс шығарылды

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында «Таза жағылау» акциясы өтті. Оған мекеме, ұйым қызметкерлері мен «Жасыл ел» жасағының 10 сарбазы қатысты.

 IMG-20210823-WA0039

Акция «Большое» көлінің ауыл жағындағы жағалауынан басталды. Дарияндықтардың сүйікті демалыс орнына айналған көл жағасына тасталған қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін болмады. Көлдің қос бетін қоқыстан тазартқан табиғат жанашырлары 2,5 тонна қоқыс шығарды.

IMG-20210823-WA0043

Ауылдық округ әкімі Тілек Какенов акцияға отыздан астам тұрғын қатысқанын айтады. Жиналған қоқыс жүк көлігіне тиеліп, арнайы орынға төгіліпті.

IMG-20210823-WA0037

- «Таза жағалау» акциясына қатысқан тұрғындардың алтын бесік ауылымыздың тазалығына бейжай қарамайтындарын көрсетті. Алдағы уақытта бұндай сенбіліктерді жиі өткізіп тұратын боламыз. Өйткені таза табиғат болашақ ұрпақ үшін керек, - дейді ауыл әкімі Тілек Кәкенов.

 

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале