14.06.2017, 18:11
Оқылды: 24

26 отбасы сенім телефонына хабарласқан

karat aБүгін «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында Қаратөбе ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібіне сай «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов аудандағы жас аналардың, белсенді әйелдердің қатысуымен өткен іс-шаралардың уақытылы БАҚ-да жариялануы, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі комиссия мүшесі Ербол Ахбалин «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу мен тұрмысы нашар жапа шегуші әйел азаматшаларды қорғау, олардың отбасылық әлеуметтік жағдайына көмек көрсету жұмыстары туралы баяндады.

- Биыл ішкі істер бөлімінің 102 сенім телефонына 26 отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында қоңыраулар түскен болатын. Оларға «отбасылық тұрмыстық қатынастар аясында құқықа қарсы әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті жаза қолдану мақсатында стоқа жіберілді дейді, - аудандық ішкі-істер бөлімінің инспекторы Ербол Ахбалин.

Комиссия отырысын қорытындылаған комиссия төрағасы Сатқан Ержанұлы алдағы уақытта да әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыруда атқарылмақ жұмыстардың ауқымды екендігін айтып өтті.

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале