30.08.2023, 12:19
Оқылды: 76

Сырым ауданында облыстағы ең үлкен спорт алаңы ашылды

Бүгін Өлеңті ауылында әмбебап спорт алаңы пайдалануға берілді. Шараның салтанатты ашылуына Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып, өлеңтіліктерді ҚР Конституциясы күнімен және жаңа спорт нысанының игілікке алынуымен құттықтады.
photo-output
Ауыл тұрғындары атынан ақсақал Сабыржан Алғалиев лебіз білдірді.

Айта кетейік, құны 34 млн теңгеге бағаланған алаңның құрылысын “Жайық Сити” ЖШС жүргізді. Мереке Молдағалиев басшылық ететін құрылыс мекемесі осыған дейін де талай жобаларды тиянақтап тапсырған.
Өлеңтідегі жаңа алаңның өлшемі типтес нысандардан үлкен. 26х44 метр!
- Резеңке жабынды алаңның үстінде бір мезетте баскетболдан екі матчты қатар өткізуге болады. Ойын шегінің сыртында жүгіру жолағы төселген. Көрермен орыны да бар.
IMG_5302
Осындай көлемді әмбебап алаң облыста жоқ. - дейді Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев.
Сырым ауданының спорт нысандарының көптігімен ерекшеленетінін өңір басшысы Нариман Төреғалиев те атап өткен болатын. 2022 Көздіғара, Жырақұдық ауылдарында жасыл алаң пайдалануға берілсе,
Бұлдырты ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Бірер апта бұрын Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Құспанкөл ауылында да әмбебап спорт нысаны ашылды.
IMG_5313
IMG_5295
Бауыржан Ширмединұлы, 
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале