22.02.2021, 18:27
Оқылды: 87

29 жастағы ана «Күміс алқа» алды

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетіліп келеді. Осы орайда бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №493 Жарлығы бойынша Қамысты ауылының тұрғыны, алты баланың анасы Бақтыгүл Тоқабаеваны қабылдап, «Күміс алқа» табыстады.

26B68F85-57DA-4B3E-9400-8B1850E62579

Асхат Хамитұлы ел демографиясына үлес қосып отырған көпбалалы ананың деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

-Шаңырақтың шаттығы мен берекесін келтіріп, әр үйдің шамшырағы болып отырған аяулы аналардың қоғамдағы рөлі қашан да бөлек. Сізге ең бірінші сарқылмас саулық тілеймін. Ұрпағыңыздың қызығын көріңіз,- деді ол.

Өз кезегінде төрт қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған Бақтыгүл Сағадатқызы мемлекет басшысына, аудан әкіміне алғысын білдірді.

    Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале