15.12.2021, 19:21
Оқылды: 93

30 отбасыға көмек көрсетілді

Жаңақала ауданында жақсылық жасауға құштар кеңпейлді жандар жетерлік. Міне, осындай жомарт, қайырымды кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 жанұяға қолұшын созын, игі іс жасады. Нақтырақ айтар болсақ, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің және Жаңақала ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен олар мұқтаж, көпбалалы жанұяға материалдық көмек берді.

B7914866-151C-425E-AA6B-D1E5A307178A

- Аруна (ИП «Аруна», Асу (ИП «Зере»), Керуен (ИП «Малика»), Техно Сила (ИП «ТехноСила+), Top-Shop сауда үйі, Сабина (ИП «Давлетов Ж.Б»), Атамекен (ИП «Мұқаш»), ТНТ (ИП «Нұркелді»), Сабен (ИП «Мейрамбек»), Асланбек (ИП «Каиргалиев М.С»), 777 (ИП «Кисамбаева»), «Қуан» сауда үйі ұжымы, Бейбарс (ИП «Бибарс»), «Арзан», Жиһаз (ИП «Бек-Сымбат»), Ибрашев (ИП «Ибрашев Н.К»), СтройБаза (ИП «Берген»), Қайсар (ИП «Қайсар»), Гүлжайнар сауда үйі ұжымы, Сарыарқа (КХ «Әділхан») сауда үйі мен дүкендері азық-түлік, тұрмыстық заттар, киім-кешек, жаңажылдық сыйлықтармен қамтамасыз етті. Аудан бойынша, яғни ауылдық округтерге шамамен 900 мыңның шамасында көмек берілді. Ұсынысымызды бірауыздан қабыл алып, көмек көрсеткен Жаңақала ауылының кәсіпкерлеріне ризамыз, - деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Бекқалиева.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале