БҚО-да «жұмысқа тұрғызамын» деп ақша алған алаяқ ұсталды
26 Қыркүйек 2023

БҚО-да «жұмысқа тұрғызамын» деп ақша алған алаяқ ұсталды

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді
26 Қыркүйек 2023

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
26 Қыркүйек 2023

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Мемлекетке 108 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталған
26 Қыркүйек 2023

Мемлекетке 108 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталған

«Дронмен де барлауға болады»
26 Қыркүйек 2023

«Дронмен де барлауға болады»

Арзан несие, қауіпті құрылыс, тариф өсіру...
26 Қыркүйек 2023

Арзан несие, қауіпті құрылыс, тариф өсіру...

25.10.2021, 12:50
Оқылды: 110

30 жылдан бері оқырманымын

Көзі қарақты, көкірегі ояу, ойы ұшқыр аудан оқырмандары үшін өзіміздің сүйікті газетімізге жазылу науқаны басталды. «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газеті – ауданымыздың айнасы. Газет те кітап сияқты рухани байлығымыз. Талғамы биік, талабы зор оқырманға жол тартар «Жаңарған өңір» газеті сіздерді көп жайдан құлағдар ететін әр алуан тақырыпта жарияланған хабарларымен, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайларынан айтар тұшымды жаңалықтарымен, бір сәт сезім қылын шертер сұлу поэзиясымен, қайғыңа ортақтасып, қуанышыңды бөлісер сөз өрнектерімен, саламатты өмір салтын насихаттаған спорт жетістіктерімен тәнті етеді.

5F09C149-72A7-4F93-9C0C-92DD21F21D9D

Өз басым сүйікті газетімізден бір сәтке ажырамаймыз деп ойлаймын және жергілікті  басылымның 30 жылдан астам уақыт тұрақты оқырманымын. Бүгінгі таңда аудан айнасында жарияланған әрбір мақала халықтың көңілінен шығып жүр. Кейбіреулер «интернет үстемдік құрған заманда газеттің енді болашағы жоқ» деп жүргенін де естіп қаламыз. Алайда біз үшін аудандық басылымның алатын маңызы зор екенін баса айтқым келеді.

Газет аудан өміріне қатысты өзекті мәселелерді жиі көтеріп келеді. Әркез аудан өмірінен хабардар болып, бар жаңалықтарға құлақ түріп, үнемі байланыста болып, ақпарат көздеріне қанығу үшін бәріңізді аудандық «Жаңарған өңір» газетіне жазылуға шақырамын.

Мәншүк Сәркенова,

Карманов ЖОББМБ-ның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале