11.07.2017, 10:35
Оқылды: 25

3250 гектарға улау жұмыстары жүргізілді

akjaik shegirtke«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Ақжайық аудандық филиалының мамандары биылғы көктемгі үйірлі мен саяқ шегірткелердің дернәсіл кезеңі бойынша 140,3 мың га. жерге мониторинг бақылау жүргізді.


Оның ішінде азиат шегірткесі бойынша 50,0 мың га., қоныстанған жер көлемі 2,0 мың га., тығыздығы 0,4-0,5 дана/шаршыметр, итальян шегірткесі 80,0 мың га. қоныстанған жер көлемі 10,0мың га., тығыздығы 0,5-1,2 дана/шаршыметр, экономикалық залал шегінен аспайды. Үйірсіз шегіртке бойынша 10,3 мың га., қоныстанғаны 7,8 мың га., тығыздығы 1,2-8 дана/шаршыметр, экономикалық залал шегінен асқаны – 3250 га.

Осы зерттеу нәтижесі бойынша ауданда бақша егумен айналысатын шаруалардың шоғырланған аумағына келетін, ауылшаруашылық өнімдерге қауіп келтіру мүмкіндігі жоғары Алмалы және Тайпақ ауылдық округтерінің 3250 га. мемлекеттік жер қорында жергілікті бюджет есебінен өткен үш күнде үйірсіз шегірткеге қарсы ауаға шашу әдісімен(газогенератор) химиялық улау жұмыстары жүргізілді.

Өндеу жұмыстарын «Мактоксин» ЖШС-і жүргізді. Қолданған пестицид – комбат 550, «Циперхлор» препараттары – қолдану мөлшері 0,06 л/га., барлығы 195 л.

– Үйірлі шегірткелердің шекаралас мекендерден ұшып келуі қаупі бар. Қазіргі уақытта шегірткелердің шағылысуы мен жұмыртқа салу кезеңі өтуде. Сондықтан мониторинг бақылау одан әрі жүргізілуде,-дейді аталған мемлекеттік мекеме аудандық филиалының агроном-энтомологы Орынғаным Мақашева.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале