19.05.2026, 23:10
Оқылды: 6

34 жүйрік ән аламанына дайын

Бүгін Сырым ауданы қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі, термеші, республикалық және бүкілодақтық телевизиялық байқаулардың лауреаты Амангелді Ғұбайдуллиннің 75 жылдығына орай өтетін «Амангелді – ақтаңгер, ән дүлдүлі» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауының қатысушылары келіп жетті.
4aa34f4d-fb11-4e21-974b-0a9c01b05196
Құрметті меймандарды аудан жұрты ақ дәммен, дәстүрлі әнмен қарсы алды.
Өнерпаздар алдымен Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтың қабылдауында болып, ел иесімен емен-жарқын жүздесті.
Байқауда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жетісу облыстарынан және Астана, Алматы, Түркістан қалаларынан келген жалпы саны 34 күміс көмей, жезтаңдай әнші бақ сынайды.
13b73826-4e77-493a-9003-7a01667a85f1
Жиында қатысушыларға ертеңгі сынның қазылар алқасы таныстырылды.
Қазылар алқасының құрамында «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімов, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ғарифолла Құрманғалиевтің төл шәкірті Бауыржан Сатыбалдин, республикалық Мұхит Мералыұлы және Ғ. Құрманғалиев атындағы әнші-термешілер байқауының лауреаты Асхат Оразов, Амангелді Ғұбайдуллиннің шәкірті, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Мұсағали Бектенов, Марабай Құлжабай атындағы аймақтық және республикалық ән байқауларының лауреаты, Амангелді Ғұбайдуллиннің бауыры Мұхамбет Мамықов бар.
06d9df4c-99c1-4026-a9c5-71e5292da13c
Жұмагелді Жолдыбайұлы қонақтарға құрмет білдіріп, Арнұр Қажымовтың Амангелді Ғұбайдуллиннің бейнесін салған туындысын табыс етті.
Қатысушылар Амангелді Ғұбайдуллин атындағы аудандық саз мектебінде және Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде болып, аудан тарихымен танысты.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале