2.02.2017, 20:05
Оқылды: 48

Жəнібек ауданы орталығындағы нысандарды аралады

Screenshot_2017-02-02-20-03-08-1Жәнібек ауданы әкімінің есепті кездесуіне келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов алдымен аудан орталығындағы кейбір нысандарды аралады.


 

Ол «Аида» дүкенінде болған кезде, «ЖәнібекТрансСервис» ЖШС-ның директоры Айболат Аяпов өзі басқарып отырған серіктестіктің жұмысы жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, 2010 жылы ашылған «Аида» дүкенінің бір бөлімінде жиһаз цехында шығарылған бұйымдар сатылады. Тұрғын үйлер мен кеңселерге арналған түрлі жиһаздарды аудан тұрғындары, мекемелер мен балабақшалар, көршілес қоныс тепкен Бөкей Ордасы, Қазталов аудандары сатып алуда. Сонымен қатар тапсырыс бойынша да шығарады.

Screenshot_2017-02-02-20-03-35-1Дүкен жанындағы наубайханада нан, басқа да кондитерлік өнімдер шығарылып, тұтынушыларға ұсынылуда. Азық-түлік бөлімінде болған Арман Кәрімұлы нан бағасымен танысып, астықты қайдан әкелетінін сұрап білді.
Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары «Аграршылар үйінде» болды. Мұнда аудандық ветеринария, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдері мен ветринариялық станса басшылары Абзал Қаратаев, Арман Исқақов, Біржан Ғұбашев өздерінің бөлімдерін аралатып, жұмыстарымен таныстырды.

Әрі қарай аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығы мен балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына келген А. Өтеғұловты аталған орталықтардың басшылары Нұртілек Мизанбаев пен Тұрдыбек Сәрсенбай қарсылап алды.

Screenshot_2017-02-02-20-04-01-1Мұнда облыс әкімінің бірінші орынбасары оқушыларға арналған әйнекке құммен сурет салу, тоғызқұмалақ, шахмат, ментальді арифметика сынды үйірме жұмыстарымен, оқушылардың өз қолдарымен салған сурет, қолөнер бұйымдарымен танысып, олардың өнерін тамашалап, естелік суретке түсті.
Ал «Алтын ұя» бөбекжайында болғанда, оның басшысы Гүлмира Нұрғалиева келген қонақтарға бөбекжайдың 2015 жылы ашылғанын, 12 топта 200-ден астам бала тәрбиеленетінін, 38 педагог-қызметкер жұмыс жасайтынын баян етіп, мекемені аралатып көрсетті. Мұнда да облыс әкімінің орынбасары бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, зор ризашылығын білдірді.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале