1.06.2022, 20:56
Оқылды: 56

50 балаға шаттық сыйлады

Сырым ауданы орталығында жыл сайын дәстүрге сай оқуда озат, аудан, облыс көлемінде байқауларға қатысып жүрген, көпбалалы отбасының балалары мереке сайын ескерусіз қалмайды.50 БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ 1Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Сырым саябағында «Бала шаттығы» атты мерекелік концерт өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Ахметоллаұлы «Балалар жылына арналған мерекелік шаралар жалғасын таба берсін» деп тілегін білдіріп, мереке иелерін құттықтады.50 БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ 2Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы мекемесінің алдында асфальт бетіне  «Тәуелсіздік – ел тұғыры!» атты сурет салу байқауы, кейіннен көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.
Балақайлар тек ойын ойнап, би билеп қана қоймай мерекенің иісі шығып тұрған «аквагриммен» беттеріне түрлі суреттер салғызып, дән риза көңілде болды.
Шара қорытындысында эстафеталық ойын жеңімпаздарына, сурет байқауының жүлдегерлеріне диплом, естелік сыйлықтар табыс етіліп балмұздақтар тартылды.

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале