5.04.2022, 17:00
Оқылды: 35

54 инвестициялық жоба іске аспақ

Бүгін Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушевтың төрағалығымен кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту бойынша құрылған жұмыс тобының кезекті басқосуы өтті. Күн тәртібінде Ақжайық, Федоров, Подстепный, Покатилов ауылдық округтерінде іске асып жатқан және жоспарланған 8 инвестициялық жоба қаралды.

IMG-20220405-WA0062

Басқосу барысында әр инвестордың ұсыныстары тыңдалып, өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Айта кетейік, ауданда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары белсенді жүруде. Мәселен,  2022-2026 жылдарға жалпы сомасы 110 млрд теңгені құрайтын  54 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар. Бұл жобалар шешімін тапқан жағдайда жаңа 1434 жұмыс орны да ашылмақ.

Сондай-ақ  көкөніс және бау-бақша егу бағыты аясындағы инвестициялық жоба жетекшілері су ресурстарының аздығын тілге тиек етті. Аталмыш шаруаны реттеу үшін аудан әкімдігімен бірқатар жұмыстар атқару жоспарда тұрғаны сөз болды.

 Елырыс Елмұрат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале