1.09.2021, 10:41
Оқылды: 59

6242 оқушы жаңа оқу жылын бастады

Теректі ауданы аумағындағы білім беру ордалары жаңа оқу жылына мықты дайындықпен келді. Былтырғы оқу жылында қашықтан оқыған оқушылар үшін оқу  материалдарын пысықтау мақсатында қолға алынған «Жазғы мектеп» жаздай жұмыс істеді.  Балалардың білімін толықтыруға  396 педагог тартылды.  Жалпы, аудан бойынша  24 мектепте 1480 оқушы негізгі пәндерден білімін жетілдірді.

d3a46935-561f-4c56-9c19-03022112a7bf

Аудандағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 21-сы немесе 56,7 % оқытуды қазақ тілінде жүргізеді, оларда  3069 оқушы бар.

Теректі аудандық білім бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  жаңа басталған оқу жылында 36 мектепте 6242 оқушы сабақты дәстүрлі форматта бастайды. Оның ішінде  673 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр. Ал 11 сынып шәкірттерінің  саны — 317.

e430e19e-7e46-448c-aeca-800bca72d0ac

Бүгінгі «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынында сап түзеген 1 сынып оқушыларын қарсылап отырған ұстаздар да, баласын жетектеп барған ата-ана да толқу үстінде. Әлемдік індетке байланысты өткен оқу жылын қашықтан оқыған оқушылар, мектебі, ұстаздары мен сыныптастарымен қауышуға асықты. Ендеше, жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа білім, жаңа жетістіктер әкелсін!

Самал Жәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале