«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті
30 Қараша 2021

«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті
30 Қараша 2021

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті
30 Қараша 2021

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды
30 Қараша 2021

Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды

«Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі»
30 Қараша 2021

«Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі»

Елімізде 62 мыңнан астам бала вакцина алды
30 Қараша 2021

Елімізде 62 мыңнан астам бала вакцина алды

68 жасында магистр атанды

Біраз жыл Бәйтерек ауданына қарасты Белес ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Адам Имашевті жергілікті тұрғындар мен аудан халқы білікті басшы деп таниды.

 м

Жиырма жыл Қазталов ауданына қарасты Жұлдыз, Қараөзен, Фурманов және Талдықұдық ауылдарының мектебін басқарған білікті маманды ол жақтың азаматтары да құрмет тұтады. Ал 1997 жылы облысымызда алғаш болып ауыл лицей-мектебін ашқан еңбегі әлі күнге дейін ел есінде. Белес ауылында әкім болып тұрған шақтағы еңбегі тіптен керемет. Ол басқарған жылдары Белестегі ескі амбулатория мен ауыл клубы жөнделді. Балабақша бой көтерді. Ауылға таза ауыз су мен көгілдір отын кірді. 2004 жылы тәуелсіздік талаптарына сай ауылдың ескі атауы Белес деп қазақшалануына атсалысты.

Қай істі қолға алса да соңына дейін жеткізіп атқаратын азамат біраз жыл бұрын зейнетке шыққан болатын. Соған қарамастан Адам Сағынұлы қоғамдық жұмыстан шет қалмай, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде еңбек етті. Жай еңбек етпеді. Жемісті еңбек етті.

Қауқары мол ақсақал бұнымен тоқтап қалмады. Білім шыңдау еш уақытта кеш еместігін білетін азамат өзі еңбек етіп жүрген университеттің магистратурасына оқуға түсіп, ойдағыдай аяқтап шықты. Қазіргі таңда Адам Сағынұлы бизнес және басқару магистрі.

- Білім алу ешқашан кеш емес. Қай жаста да оқу оқып, белгілі бір дәрежеге жетуге болады. Ендігі мақсатым – университет студенттеріне дәріс оқып, ұстаздық қызметімді жалғастыру, - дейді магистр Адам Имашев.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале