2.06.2023, 9:31
Оқылды: 47

8 қанатты киіз үй сыйлады

Жылдағы дәстүрге сай мектептердегі соңғы қоңыраулар соғылды.
Осы орайда аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов Сарой ауылдық округінің Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешеніндегі салтанатты жиынға қатысты.
syrym (1)
Саройлықтарды тағы бір оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге алдағы сынақтарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Мектеп директоры Гүлмира Еркетілеуова білім мен тәртіпті тең ұстаған оқу озаттарын мақтау қағазымен, бірқатар облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен ұстздарын алғыс хатпен марапаттады.
syrym (2)
Биылғы оқу жылының түлектері Санжар Айболұлы, Мәкка Жолдықайыр, Ақмарал Рамазанова 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына құрмет көрсетіп, арнау өлеңдерін оқып, ұстаз жүрегін тебірентті.
Аталған салтанатты жиында мектеп бітіргендеріне 20 жыл, 40 жыл толған түлектер де арнайы қатысып, ақжарма тілектерін жаудырды.
syrym (3)
Алтын ұя мектептеріне 20 жылдық түлектер 8 қанатты киіз үй, 40 жылдықтар волейбол, футбол, баскетбол доптарын, мектеп кітапханасына түрлі бағыттағы энциклопедиялық кітаптар тарту етсе, қамқоршылық кеңес мүшелері балабақша бөбектеріне сыйлықтар табыс етті.
Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz
syrym (4) 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале