4.02.2021, 17:20
Оқылды: 63

97 жәнібектік сертификат алды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев тұрғындар алдында есеп беруде. Аудан әкімі есептік кездесудегі баяндамасында тұрғындардың еңбекпен қамтылуы, жұмыссыздықпен күрес, тұрмысы төмен отбасыларды қолдау шаралары туралы айтты.

F308E37F-64E6-4CFE-8C33-C0753C7A1C2E

Жәнібек ауданында «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» бағыты шеңберінде 15 адамды қайта даярлауға оқуға жолдау жоспарланды. Күні бүгінге жоғарыда аталған бағыттар бойынша барлығы тұрақты жұмыспен қамтылды. Техникалық және кәсіптік білімі (ТжКБ) бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес 25 адам жолданып, оқуларын жалғастыруда.  - «Бастау Бизнес» жобасы аясында 61 адам жоспарланып 97 адам жолданып БҚО Кәсіпкерлер палатасының Жәнібек аудандық филиалы базасында сәуір-желтоқсан айлары аралығында оқытылып, сертификаттарын алды, - деді аудан әкімі.

 47 жұмыс берушімен келісімшарт жасақталды

 Жәнібек ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2020 жылы 44 адам 174,7 млн. теңге көлемінде несие алып, мал шаруашылығын дамыту бағытында өз істерін ашты. Соның ішінде микрокредиттер беруге 155,2 млн. теңге, кредиттер бойынша кепілдіктер беруге 19,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар 135 адам 72 млн. 154 мың теңге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа ие болды.

510FEB96-FF64-429D-BBAD-FEE7290F4A06

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша 30 ауылдасымызды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланды. Жыл ішінде 21 жұмыс берушімен келісім шарттар жасақталып нақты 30 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Әлеуметтік жұмыс орнын тоқтатқандар саны 30 адам, соның ішінен 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан 123 адамды жастар практикасына жолдау жоспарланды.

- Жыл ішінде – 47 жұмыс берушімен келісімшарт жасақталып, 120 адам тәжірибе жинау мақсатында жастар тәжірибесіне жолданды. Бөлінген қаражат 28,4 млн. теңге толығымен игерілді. Жыл басында 340 адамды қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланса, 387 адам жолданды. Бұдан басқа 550 адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланды. Соның ішінде 429 адам жұмысқа орналастырылса, 122-сі «Еңбек» порталы арқылы жолданды, - деп атап өтті А.Сафималиев.

 1672 адам әлеуметтік көмек алды

 Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, Жәнібек ауданындағы атаулы әлеуметтік көмек алатын 381 отбасындағы 1672 адамға – 147,0 млн. теңге көлемінде қаражат төленді. Соның ішінде шартты ақшалай көмек – 353 отбасыға, ал шартсыз ақшалай көмек – 28 отбасыға тағайындалды.

Сонымен қатар тұрғын үй көмегіне мұқтаж 62 отбасына 1,5 млн. теңге төленді.

 Г. Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале