28.04.2021, 12:19
Оқылды: 9

«Абай» - чемпион!

Осыған дейін футзалдан 2019-2020 жылғы облыстық бірінші лига ойындарына қатысқан сырымдық «Абай» командасы деңгейлі додаға алғаш қатысқанына қарамастан, тамаша ойын, тегеурінді мінез көрсетіп, І орынға ие болғанын хабарлаған едік. Пандемияға байланысты лиганың салтанатты марапаттау шарасы кешегі аптада өтіп, біздің аяқдопшылар өздеріне тиесілі кубокты қолдарына алды.

F6CD827F-094F-4926-AE7E-E7A678858DB5

Облыстық футзал лигасында 12 команда бақ сынады. «Абай» 11 турдан тұратын ойынды абыроймен өткізіп, жоғары дәрежеде ойын көрсетті. Команда құрамынан капитан Назарбек Жанәбілов, ойыншы Рысбек Қоңыров маусымда үздік ойыншылар қатарында болды.

16F96656-2FCF-49C2-B08F-8579EA5F9D36

«Абайдың» жеңісі санаулы футболшының емес, тұтас Сарой ауылдық округінің, Шағырлой ауылының жеңісі деуге әбден болады. Себебі, команда болғасын, оның доп тебуден де басқа шаруасы болады. Құрамды жасақтау, ұйымдастыру жағынан Мәди Кенесарин, Қайрат Ғұмаров нәтижелі жұмыстар жүргізген. Округтегі қожалықтар, түлектер, жекелеген азаматтар үнемі демеушілік көрсетіп, команданың шығындарын толықтырды. Атап айтсақ, жаттығуға спорт алаңдарын жалға алып, лигага қатысу жарналарын төлеп, спорттық киімдермен  қамтамасыз еткен.    

5351AD72-8500-46DA-A696-70E77FD9F394    

Айта кетейік, «Абай» командасы екі жыл қатарынан аудандық лига да жеңімпаз болды.  Осы спорт түрін дамыту үшін Шағырлой ауылынан ауыл азаматтарының демеуімен спорт алаңы да жасалған болатын.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале