29.01.2025, 10:15
Оқылды: 104

Адал еңбегі бағаланған азамат

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға көптеп тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болатын қажетті мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға жол ашатын сара жол деп бағаланады. Газетіміздің аталмыш жылға арналған арнайы айдарының  кезекті кейіпкері Талдыапан ауылдық округінің байырғы тұрғыны, жас күнінен қол жұмысына икемделген еңбекқор жан Көшекенов Қажихан Құмарұлы. 

IMG-20250121-WA0012

Өмірлік нәпақасын адал еңбектен тапқан Қажихан Құмарұлының еңбекқорлығы бүгінгі жастарға үлгі-өнеге. Ауылдың қажеттілігіне орай әртүрлі бағытта атқарған Қажихан Құмарұлының еңбегі өлшеусіз. Өтпелі кезең деп бағаланған тоқсаныншы жылдардың басындағы қаражатсыз атқарылған қара жұмыстан қашпай, адал еңбек етті. Қазіргі таңда Көшекенов Қажихан Құмарұлы Талдыапан ауылдық округіндегі ұзақ жылғы еңбектің зейнетін көріп отырған өз ауылының қадірлі азаматы. Ол 1949 жылы 1 тамызда Талдыапан ауылында дүниеге келіп, әлі күнге осы Талдыапан ауылында тұрады. 1963 жылы өз ауылынан 8 сыныпты тәмамдап, 1964-1966 жылдары Жалпақталдан орта білім алды. Одан кейін Қажихан ағамыз Орал қаласындағы кәсіптік училишеде оқып, 1978 жылы «Дәнекерлеуші» мамандығын игерді. Алғашқы еңбек жолын 1979 жылы Орал қаласында бастаған ол, 1968-1970 жылдары Түркіменстан елінде әскер қатарында болды. Әскерден оралған соң 1970-2009 жылдар аралығында Талдыапан ауылында электрик, тракторист, дәнекерлеуші қызметтерін ойдағыдай атқарып зейнеткерлік демалысқа шықты.
Өз кәсібін өлшеусіз сүйіп, ауыл-елдің дамуына сүбелі үлес қосқан қарапайым жұмысшы адамдардың еңбегі үкімет тарапынан шынайы бағаланып, алғысқа бөлене берсе дейміз.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале