23.09.2020, 15:49
Оқылды: 53

«Adal komek» жобасы аясында бөлім бастығы тікелей эфирге шықты

                23 қыркүйек күнгі «Adal komek» жобасы аясында тікелей эфирге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Радим Рахметов шықты. Ол аудандағы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

IMG_7934

- Аудан орталығында 15 шақырым жол жөндеуден өтуде. Алдағы айда осы жолды қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар Дариян ауылдық округіндегі жөнделіп жатқан жолды да қабылдау жоспарда бар. Өткен аптада біз аудан орталығына іргелес орналасқан Новенкий ауылындағы су құбырын қабылдадық. Сондай-ақ үш апта бұрын Переметный ауылындағы су құбырын қабылдадық. Алда Щапов және Көшім ауылдарындағы канализацияны қабылдамақпыз. Осындай құрылыс Достық ауылында да жүруде, - деді Радим Қадемұлы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауданымызда «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары аясында 87 шақырым жол жөнделіп жатқанын жазған болатынбыз.

Тікелей эфир барысында тұрғындардан Чеботарев ауылына жол тарту мәселесі мен Железнов ауылындағы жолдың қашан бітетіндігі жөнінде сауалдар қойылды.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының айтуынша, Чеботарев ауылына жол тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасау жоспарлануда. Келер жылы жөндейтін боламыз. Ал Железнов ауылына дейінгі жолға келер болсақ, Шалғай мен Переметный аралығын жалғайтын бұл жолдың жартысы биыл, қалған жартысын келер жылы аяқтау көзделуде.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале