23.09.2021, 12:00
Оқылды: 36

«Adal komek» жобасы жалғасуда

Бәйтерек ауданында атқарылып жатқан жұмыс жөнінде ақпарат беретін «Adal komek» жобасы жалғасуда. Жоба аясында аудандағы бөлім, мекемелер аудан әкімдігінің инстаграм желісіндегі парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып, осы кезге дейін атқарылған және атқарылатын жұмыстары жайында баяндайды. Күні кеше эфирге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр шықты.

 baiterek-1-4-768x512

Бөлім басшысы Нұржан Тоғызбайұлы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараларға тоқталып, қыркүйектің бірі күні болған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған жоспарларға да тоқталды.

Сонымен қатар қазан айында басталатын Қайырымдылық айлығының да жоспары бекітілгенін жеткізген ішкі саясат бөлімінің басшысы аудан меценаттары мен демеушілер және барлық ұжымдар ардагерлерге қолдан келген көмегін көрсетуге дайын жүргенін де атап өтті.

- Ішкі саясат бөлімінің басты жұмыстарының бірі – ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізу. Барлығымызға белгілі 1 қыркүйектен бастап халық санағының екінші кезеңі өтуде. Қазіргі таңда көп адам онлайн санақтан өтіп, өздері мен отбасы мүшелерін енгізуде. Қазан айының ортасынан ауданда бекітілген 89 интервьер онлайн режимде санақтан өте алмаған азаматтарды тіркейтін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде, - деді өз сөзінде Н.Дүзбатыр.

Бұдан бөлек эфир барысында пандемияға қарсы екпе алу мәселесі көтерілді. Бөлім басшысының айтуынша, бүгінде аудан тұрғындарының 50 пайыздан астамы екпе алған. Десе де жекелеген азаматтар әлі де қарсылық көрсетіп отырғанын атап өткен Н.Дүзбатыр жаппай екпе алу жұмыстарын әлі де жүргізе берілетінін жеткізді.

Сөз соңында ішкі саясат бөлімінің басшысы ауданның құрметті азаматын іріктеу шарасының қалай өтетіні туралы да толық түсінік берді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале