28.10.2020, 11:20
Оқылды: 66

«Adal komek» жобасы жалғасуда

Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында Бәйтерек ауданында мал мен құстық қауіпті ауру ошағы табылмаған.

7223FCAA-8C76-4DA0-A852-F5FF14809FB8

Аудандық ветеринарлық станциясының мамандары құс тұмауы өршіген шақта барлық округтерді аралап, қауіпсіздік шараларын ұйымдастырған. Бұл туралы «Adal komek» жобасы аясында тікелей эфирге шыққан «Бәйтерек ауданының ветеринарлық станциясы» МКК директоры Әсет Әубекеров мәлімдеді.

Оның сөзінше, ветеринарлық станцияның жүргізген профилактикалық шаралары 97 пайызға атқарылған. Жыл басынан бері аудан аймағындағы 47500 қойдан, 42000 ірі қарадан қан алынып, тексерілген. Аудан бойынша үй жануарларының ахуалы жаман емес екен.

-2019 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап қазіргі уақытқа дейін қосымша зерттеу жұмыстары атқарылып, елді мекендерде сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді. Сондықтан біздің мамандар үй жануарларының аурудан ада болуына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Алдағы уақытта зерттеу жұмыстары әлі де жалғасады,- деді Ә.Әубекеров.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале