Шыңғырлау колледжінде 6-ақпан дүниежүзілік сайлау күніне орай ауыл жастарымен және студенттерімен кездесу өтті.
Аталған кездесу Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен №425 учаскелік сайлау комиссиясымен ұйымдастырылды. Ауыл жастарымен кездесуге аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев, Шыңғырлау колледжінің директоры - № 425 сайлау комиссиясының төрағасы Серікбай Жұмағұлов, аудандық маслихат депутаты Азамат Тағаниязов, аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының жауапты мамандары қатынасты.
Кездесуді Шыңғырлау колледжі директоры - № 425 сайлау учаскесінің төрағасы Серікбай Жұмағұлов ашып, одан әрі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев жалғастырды. Ол сайлау күнінің қабылдану тарихымен, жалпы еліміздегі сайлау жүйесі, сайлау бостандығы, сайлау құқығы принциптері, соңғы отыз жылда еліміздің сайлау жүйесіндегі орын алған өзгерістер, осы жылдары өткізілген маңызды шаралар, ауданның сайлау жүйесінің қызметі мен құрамы, комиссиялардың қызметіне тоқталып өтті. Бұл кездесуді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру екендігі туралы айтып өтті.
Осы сайлау учаскесі орналасқан №9 сайлау округінен сайланған, аудандық маслихат депутаты, Азамат Тағаниязов өз кезегінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып өтті. Былтырғы кездесуде, жастар тарапынан көтерілген колледж аумағында спорт алаңын салу мәселесімен жұмыстанып жатқанын, биыл оң шешімін табатындығын жеткізді.
Әсел Әлім,
Шыңғырлау ауданы