11.09.2024, 15:45
Оқылды: 100

АЭС салу: Ақжайықта штаб мүшелерімен кездесу жалғасып жатыр

Бүгін Ақжайықта АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Чапаев ауылындағы «Жігер» спорт клубының ұжымымен кездесті.

0A311B06-E0BB-46E3-8F0F-B1F5F95BA0DD

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, спикерлерлер кездесушілермен сұрақ-жауап алмасты.

Өз кезегінде штаб мүшелері Мемлекет басшысының жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдап, шараның маңыздылығына тоқталды.

«Атом электр стансасының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нақтыласақ, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етеді, заманауи технологияларды енгізіп, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайтады. Айта кетейік, осындай бір стансаның өзі 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы», - деді штаб мүшесі Қ.Бисеғалиев.

«Біз көрші мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көзі қажет. Сондықтан АЭС салу мәселесі еліміз үшін өзекті болып отыр. АЭС тек дамыған елдерде ғана бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Біз де баламалы энергияны жетілдіруге ұмтылуымыз керек. Бұл – болашақтың жобасы. Біздің балаларымыз келешекте жарық, жарқын өмір сүруі қажет. Тек бірге ғана елдің болашағын жасай аламыз. Сондықтан, баршаңызды алдағы референдумға қатысуға шақырамын», - деді өз кезегінде сөз алған аудандық штаб мүшесі А.Ерментаева.

Әсем Есбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале