2.10.2024, 13:00
Оқылды: 132

АЭС салу: Жаңақалада түсіндірме жұмысы жалғасып жатыр

Бүгін Жаңақала аудандық электр тораптары мекемесінде АЭС мәселесі бойынша түсіндірме жұмысы өтті. Алғашқы сөз алған мекеме басшысы Сәтжан Ғабдуллин басқосудың маңыздылығын айтып, дауыс беруге тегістей қатысу керектігін ескерте кетті.

3C2FF135-4B9C-485B-A096-34FD85E6358E

Әрі қарай халықтық штаб мүшелерінің төрағасы Фазылғали Сапаров атом электр стансасының әкелер пайдасына тоқталып, жиналған ұжымға мәлімет берді.

Сондай-ақ, айналамыздағы жандарға, яғни тума-туыс, көршілерді де дауыс беруге шақырып, референдумға бейжай қарамай, әр азамат өз таңдауын жасау керектігі де айтылды.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале