18.04.2022, 14:30
Оқылды: 82

Ағартушыға арналған әдеби кеш

XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы - Ахмет Байтұрсынұлы.

29

Ұлты үшін аянбай қызмет еткен Ахмет Байтұрсынұлы - дарабоз дарын иесі, бір басында асыл қасиеттері тоғысқан ұлы тұлға. Абайдан кейінгі саяси-әлеуметтік тақырыпты жалау еткен көрнекті ақын, аудармашы, публицист журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы. Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері туралы Сәкен Сейфуллин кезінде: "...Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… Халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті" деп жазған екен.

Ахмет Байтұрсынұлы -  мықты ақын. Оның өлеңдері "Қырық мысал”, "Маса”, "Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Маса” кітабына енген өлеңдерде ақын жеке бастың мұң - шерін, тұмыс - салт суретін емес, әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеяларды айтады.

30

Ұлы тұлғаның туғанына 150 жыл толу қарсаңында аудандық орталық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Алаш арысы, ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш Шыңғырлау колледжі студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Шара барысында А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған  бейнебаян таныстырылып,оқырмандар Менболат Мейрамбек ақынның «Ақ көңіл алаң бұлаң адамдар бар» атты өлеңін, Сәрсенов Амин -«Аққу, шортан һәм шаян» (Крыловтан аудармасын),  Шаненов Тілекқабыл  - «Жуасып, жабырқап», Есқалиев Аңсар- «Кез еді қатар ұшып қаңқылдаған» өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен қатар жас оқырмандар викторина сұрақтарына жауап қайтарып, «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесінің шолуымен таныс болды.

Гүлсім Қуанаева,

Шыңғырлау аудандық оралықтандырылған кітапханасының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале