27.08.2021, 17:35
Оқылды: 75

Ағартушының мерейтойына арналды

Теректі аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында көрнекті ақын, жазушы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай шара өтті.

45

Жас ұрпаққа ағартушының мәнді де мағыналы өлеңдерін насихаттау, әр өңірдегі талантты балаларымыздың талабын шыңдау мақсатында «Кел, балалар, оқылық!» атты оқу челленджіне белсенді оқырмандар қатысты. Аудандық балалар кітапханасының тұрақты да белсенді оқырмандары І.Балтабек, А.Нұрланова, А.Нұрланова, А.Жанас, А.Бажко, А.Ихсанова, Ж.Жанастар шара көркін қыздырды.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеев атындағы қалалық балалар кітапханасының оқырмандары А.Ескак, И.Саруар, Е.Маркен, М.Қайыргелділер де өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар Ақжайық ауданы, Есім ауылдық кітапханасынан І.Шакен, А.Сыдықтар да куә болды.

Шара соңында жас оқырмандарға алғыс хат берілді.

 

Айнагүл Турекешова,

Теректі аудандық балалар

кітапханасының меңгерушісі   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале