7.11.2020, 17:10
Оқылды: 52

Айдана үздік волонтер

Жуырда облыстағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында әлемді жайлаған жаман індетпен күрес кезінде қайсарлық пен мейірімділіктің үлгісін көрсеткен жандар құрметтеліп, алғысқа ие болды.

IMG-20201107-WA0010

Салтанатты шара барысында пандемия кезінде ерен ерліктің үлгісін көрсеткен волонтерлар да марапатталды. Қоғамдық істе белсенді, қайырымдылық істе әрқашан алда жүретін үздік он волонтер арасында бәйтеректік Айдана Габбасова да бар.

Ол волонтер қызметін ерекше ықылас және ынтамен атқарғаны үшін БҚО әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

Бұған дейін СOVID-19 пандемиясы кезінде аянбай еңбек еткен ауданның үш бірдей медицина қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің “Халық алғысы” медалімен марапатталғанын жазған болатынбыз.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале