4.04.2024, 21:20
Оқылды: 39

Әйелдер кеңесі бас қосты

Бүгін әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Тасқала аудандық комиссиясының отырысы өтті.

IMG_2859

Аталмыш отырысқа аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева төрағалық етті.

Оған комиссия мүшелері мен ауыл әкімдері қатысты.

Комиссия отырысында отбасылық проблемалар мен отбасында болатын зорлық-зомбылық туралы әңгіме өрбіп, әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған шаралар туралы және отбасылық, демографиялық саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша полиция полковнигі И.Сүйіншалиев баяндады.

Ал аудандық аурухана директорының орынбасары Н.Дүйсекешева аудан бойынша бала туу көрсеткішіне тоқтала келіп, отбасын жоспарлау бағыты бойынша атқарылған жұмысты тілге тиек етті.

Кеңесте комиссия мүшелері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале