4.11.2021, 14:33
Оқылды: 296

Айкөркем жеңімпаз атанды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, жас таланттарға қолдау көрсетіп, дарынды өнерпаздарды көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылған «ALASH STAR» халықаралық өнер байқауыннан жерлесіміз жүлделі оралды.

38

"Алаш" өнер орталығының ұйытқы болуымен өткізілген өнер бәйгесінде Үлкен Шаған ауылында тұратын Айкөркем Бисембаева бақ сынады. Түкпір-түкпірден келген күміс көмей, жез таңдай әншілер қатысқан халықаралық өнер додасында кең дауысты Айкөркем көзге түседі.

Қарақат мектеп студиясында, Дария Серікқызынан тәлім алатын жас өнерпаз, жыл басында оздырылған байқаудың онлайн кезеңінен сүрінбей, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін оффлайн кокурсқа жолдама ұтқан болатын. Ел астанасында «Вокал» номинациясы бойынша өнерін паш еткен Айкөркем Бисембаева жарыстың бірінші орын жүлдегері атанды.

Жаңа таланттарға жол ашар додада жеңімпаз атанған аруымыз, бұдан алдын облыстық байқауларды былай қойғанда, республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып жүр.

39
Жас өнерпаздың шын жанашыры анасының айтуынша, Айкөркем балабақшадан бері, әнге әуестеніп, алғаш сахнада өнер көрсете бастаған. Қазір Қарақат мектеп студиясының вокал бөләмінде сабақ алып, білімін шыңдап жүрген қызының жарқын болашағына сенетін анасы Айнұр Бисембаева Айкөркемді байқауға жіберіп, қолдау білдірген жандарға риза екенін де жасырмады.

Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале