24.09.2021, 20:08
Оқылды: 102

Айналаң күл-қоқысқа айналса...

Жаңалықтың жаршысы, Жаңақала ауданының айнасы «Жаңарған өңір» газеті халықтың мұң-мұқтажын айтып, жанайқайын жеткізіп, мәселелерін қаузап келеді. Бүгінде жаңақалалық тұрғындардың толықтай сеніміне ие болған газетіміздің кезекті санында ауыл тұрғынының базынасын жеткізу мақсатында қолға қалам алдық. Аптаның басында Жаңақала ауылының тұрғыны Қымбат Молдаханова редакциямызға арнайы келіп, өзін толғандырып, алаңдатып отырған күрделі мәселені айтып берді.
401C95E9-1868-474B-A4A4-9F7D7BDDF908
Әрі тиісті мекемеге барып, атқарушы билікке жеткізіп, түйткілдің түйінін тарқатып беруімізді сұрады. Оның айтуынша, өзі тұратын мекенжайдың төңірегіндегі тұрғындар қоқыстарын арнайы жәшікке салмай, без-берекетсіз лақтырып, сыртына төгіп, тазалық-тәртіпті сақтаудан қалыпты. Сондай-ақ көрші көп қабатты үйдегі мектеп балаларының тәртіпсіздігін де тілге тиек етіп, ренішін білдірді. Қымбат апамызды тыңдап болып, іс-әрекетке кірістік. Біз айтқан мекенжайға, яғни Бірлік, 1-мамыр көшелеріне жол тартып, сол маңды түгел жаяу аралап, шолып шықтық. Айтса айтқандай, қоқыстың арнайы жәшікке салынбай, жан-жағына тау-тау үйінді болып жатқанына көз жеткіздік. Иістен маңына жолау мүмкін емес. Сыртына төгілген қоқыстың қасында жабайы иттер де толып жүр. Ол жақта 5-6 көп қабатты пәтер қатар тұр және қасында аудандық «Балабөбек» балалар-бөбекжайы да орналасқан. Балаларға арналған кішігірім ойын алаңы да бар. Тіпті оның қасында жылқылардың да жүргенін байқадық. Барлығын фотоаппаратымызға таспалап, суретке түсіріп алдық. Бір сөзбен айтқанда ешқандай тәртіп те, реттілік те жоқ екен.

C56735C0-58E0-491A-80AE-C57BC689F0F4

Толығырақ «Жаңарған өңір» газетінің №38 санынан оқи аласыздар.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале