28.06.2023, 17:38
Оқылды: 31

Айт намазы оқылып, құрбан шалынды

Бүгін қасиетті «Құрбан айт» мерекесіне орай ауданымыздағы Казталов мұсылмандар мешіті мен Жалпақтал мұсылмандар мешітінде айт намазы оқылды. Сонымен қатар, мұсылмандардың қасиетті мерекесінде құран бағышталып, жамағат атынан құрбан шалынды. Мешіттерде имамдар «Құрбан айттың артықшылығы» тақырыбында уағыз айтып, мерекені тойлау мәнерін түсіндіріп, халықты бірлікке шақырды.

IMG-20230628-WA0120

Мерекеге орай бүгін аудан орталығында «Құрбан айт – ел ынтымағының ұйытқысы» атты мерекелік концерт өткізу,  Жалпақтал ауылында қайырымдылық шараларын және мешіт жамағаты арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастыру жоспарланған. Үш күндік мерекенің екінші күнінде, яғни 29 маусымда аудан орталығында ұлттық спорт түрлерінен жарыс және «Серпін» алаңында шағын футболдан мешіт жамағаты арасында турнир ұйымдастырылады.

WhatsApp Image 2023-06-28 at 18.36.36

IMG-20230628-WA0119

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале