20.05.2022, 17:00
Оқылды: 39

Әйтиевтің жолы жөнделуде

«Жол қадірін жүрген білер» демекші, Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Әйтиев ауылының тұрғындары көптен бері сапасыз жол хақында базыналарын айта-тұғын. Енді, мінекей, бұл түйткілді мәселенің түйіні шешілмек.

IMG-20220520-WA0112

Бүгінгі таңда ені 7 метр, ұзындығы 1 шақырым болатын кіреберістегі жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұған білек сыбана кіріскен мердігер — «Ануш Құрылыс» ЖШС. Теректі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, өңдеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 121,2 млн.теңге, ал аудандық бюджеттен 43 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұл шаруа 3,5 айда аяқталмақ.

 Самал Жамет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале