9.03.2021, 10:34
Оқылды: 68

Айтулы күннің алғысы

Жуырда Тасқаладағы коворкинг орталығында дөңгелек үстел өтті. Айтулы шараға әр саланың қызметкерлері мен өзге ұлт өкілдері қатысты. Алғыс айту күніне орай өткізілген шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Алдияр Халелов құттықтау сөзін жеткізіп, жүрекжарды лебізін білдірді.

F443F86B-8AAC-4438-A8BE-D75F10D23391

– Алғыс айту күні – бұл қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрмет күні. Қазақ халқы – қуғын-сүргін мен депортациялау жылдарында қанша азап шексе де, өзге ұлт өкілдерін қанатының астына алып, мейірімділігін аямаған жұрт. Өзара бөлісу мен бір-біріне деген рухани құрметі әлі күнге жалғасып келеді. Қайырымдылықты насихаттау, халықтар арасындағы әлеуметтік ынтымақтастық пен достықты нығайтатын бірден-бір кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Бүгінгі таңда еліміз түрлі өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Осындай тамаша мерекеде істеген ісіміз нәтижелі болып, елдің алғысына бөлене берейік. Сіздерге ауданымыздың көркейіп-гүлденуі мен экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы.

Шараға жиналған жандар да қазақ халқына алғыстарын білдірді. Шара соңында естелік сыйлықтар мен жылы лебіз жазылған парақшалар таратылды. Жалпы шара барысында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале