26.05.2021, 0:18
Оқылды: 58

«Ақ босаға – алтын діңгек»

 Жуырда Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округінде «Қыз - әдебімен көрікті, ақылымен сыйлы» атты 20 мен 35 жас аралығындағы келіншектермен кездесу өтті.

6A7C8D3D-97F3-4E60-95AE-CF3B255D9030

Жиынға аналар кеңесінің төрайымы Майра Абуқызы, "Тасқала әйелдері" ҚБ төрайымы Әсел Шакенова қатысты. Кездесу қонақтары ретінде қоғамда өзіндік орны бар нәзік жандылар шақырылды. Олар бірнеше жұмысты қатар алып жүрудің қыр-сырын айтып, үйдегі ана рөлі мен қоғамдағы әйел рөлін қатысушыларға түсіндірді. Әйел – ана, жар және келін. Ал қоғамдық қызметін жалғастыру үшін, атқарған жұмысы берекелі болуы үшін, алдымен, отбасының бақытын сақтай алуы қажет. Жанұясының жағдайын жасай білген әйел шын мәнінде бақытты. Қыз - ел, ауыл еркесі, үлпілдеген үкісі, алақандағы аяулысы, басқа елдің болашақ келіні және анасы. Адамға деген мейірім бала кезден ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елі мен жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Сондықтан қыз баланы тәрбиелеу – мектеп пен ата-ананың басты міндеті дер едім. Қорыта келе, Төле бидің мына сөзін зерделегім келеді.

Ердің бақыты – әйел. Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен адам етіп тәрбиелейтін – әйел» деген екен данышпан.

«Жолықсаңдар тағдырдың ызғарына,

Тілектеспін ел салтын бұзбауыңа.

Абай атты армандай ұл өсіріп,

Ат қойыңдар Тоқжан деп қыздарыңа».

Немесе «Адам болар ұлыңның арқа басы кең келер.

Ана болар қызыңның ақыл-есі тең келер» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан қыз баланың тәрбиесіне аса мән беруіміз тиіс.

 Г.Мақанова,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале